Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
Басты бет Жаңалықтар

Бір отбасы газдан уланып, анасы мен қызы көз жұмды

Жамбыл облысы   Меркі  ауданында бір отбасы газдан уланып, анасы мен қызы көз жұмды.

"Айқын" ақпарат
Қараша 2, 2020
Жаңалықтар, Қазақстан
газ

© сурет иннтернеттен алынды

Жамбыл облысы   Меркі  ауданында бір отбасы газдан уланып, анасы мен қызы көз жұмды. Жаға ұстатар жағдай  1 қараша күні  Плодовоягодное ауылындағы жеке үйде орын алған. Оқыс оқиғаның мән жайы мен себеп салдарын Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Төтенша жағдайлар департаменті бастығының міндетін атқарушы Мақсат Қосыбаев баян етті.

   – Алдын- ала мәліметтер бойынша  оқиға табиғи газдағы пештің түтіндігін орнату ережелерін сақтамаудан болған.  Бүгін облыс әкімінің тапсырмасымен  оқиғаның мән-жайын анықтау үшін құрамында Жамбыл облысы ТЖ департаментінің, Меркі ауданы әкімдігінің және газ коммуналдық кәсіпорнының өкілдері кіретін арнайы комиссия құрылып, елді мекенге аттанып кетті.

Аталған тұрғын үйде үгіт-профилактикалық жұмыс жүргізілген. Биылғы жылдың  15 қыркүйегінде  газ және электр аспаптарын пайдалану кезінде тұрмыста өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау туралы жаднама берілген.

Алайда сақтық шараларының сақталмау  салдарынан бес адам бірдей уланып отыр. Анасы мен қызы оқиға орнында көз жұмса, 3 адам жедел түрде ауруханаға жеткізілді. Жансақтау бөліміне  жатқызылған  адамдардың  қазір біреуі палатаға ауыстырылса, екіншісі облыстық балалар ауруханасына жатқызылды. Оқиға орнында  арнайы комиссия өкілдері жұмыс істеуде. Оқиғаның мән-жайы осы тексерістен кейін тағы анықтала түседі, – деді М.Қосыбаев.

Ал «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Жамбыл өндірістік филиалының директоры Сәкен Сұлтанұлының айтуынша,  Плодовоягодное ауылына газ құбыры ертеректе жүргізіліп қойған екен. Алайда газдан уланған үй иелері 2018 жылы тұрғын үйге қосымша бөлме  қосып, көгілдір отынды тұтыну ережелерін қатаң бұзған көрінеді.

– Негізі жеке сектордағы газ құрылғыларына тұрғын иелерінің өздері жауапты. Алайда біздің мекеме тарапынан маусымдық тексеру жұмыстары жүргізіледі. Бірақ аталған үйге газ орнатуда ешқандай ақау байқалмаған.

Жалпы жыл басынан бері облыста 48 газдан улану оқиғасы тіркелді. Одан  99 адам зардап шегіп, 7 адам қаза тапты. Сондықтан мен тұрғындарды көгілдір отынды қолдануда аса сақ болуға шақырамын, – дейді  «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Жамбыл өндірістік филиалының директоры.

Жалпы мамандардың айтуынша ауылдық жерлердегі тұрғын үйлердің газ құрылғыларын жергілікті билік өкілдері тексеруі керек екен. Биыл бұл бағыттағы жұмыстарды оңтайландыру үшін газ-техникалық инспекция  құрылып жатқан көрінеді.Алайда аталған жаңа құрылым қашан жұмысына кірісетіні белгісіз. Сондықтан өңір тұрғындарын  жылу маусымында көгілдір отынды барынша ұқыпты пайдаланып, сақтық шараларын сақтауға шақырамыз.

Алматыда ЖЭО-2-ні газға көшіруді партия да қадағалайды

Өскеменде көпқабатты тұрғын үйден 40-қа жуық адам эвакуацияланды

Түркістандық 700-ден астам отбасы жыл соңына дейін баспаналы болады

 

Саятхан Сатылған,

Жамбыл облысы

 

 

 
ID: 0
Тегтер: газотбасыөлім
Алдыңғы жаңалық

Қазақстанның қаржы ұйымдарына 76 млн теңге айыппұл салынды

Келесі жаңалық

«Коронавирус жұқтырғаны үшін айыппұл салынады»: Санитарлық дәрігерлер ақпаратқа қатысты түсініктеме берді

Ұқсас жаңалықтар

Шымкенттің бас дәрігері инфекциялық ауруханадағы жағдайды көрсетті
Жаңалықтар

Шымкенттің бас дәрігері инфекциялық ауруханадағы жағдайды көрсетті

Сәуір 16, 2021
оқушы
Әлеумет

NIS оқушысы АҚШ-тың 5 университетінің шәкіртақысын ұтып алды

Сәуір 16, 2021
Ақтөбе облысында 12 қоғамдық кеңес құрылды
Жаңалықтар

Ақтөбе облысында 12 қоғамдық кеңес құрылды

Сәуір 16, 2021
Қарағанды облысында сайлауалды бағдарламаның іске асырылуын бақылайтын қоғамдық кеңестердің төрағалары мен құрамы бекітілді
Nur Otan

Қарағанды облысында сайлауалды бағдарламаның іске асырылуын бақылайтын қоғамдық кеңестердің төрағалары мен құрамы бекітілді

Сәуір 16, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкенттің бас дәрігері инфекциялық ауруханадағы жағдайды көрсетті

Сәуір 16, 16:32

NIS оқушысы АҚШ-тың 5 университетінің шәкіртақысын ұтып алды

Сәуір 16, 15:58

Ақтөбе облысында 12 қоғамдық кеңес құрылды

Сәуір 16, 15:56

Қарағанды облысында сайлауалды бағдарламаның іске асырылуын бақылайтын қоғамдық кеңестердің төрағалары мен құрамы бекітілді

Сәуір 16, 15:45

Мешіт терезесін сындырып, садақа жәшігін тонап кетті

Сәуір 16, 15:43

90-жылдары Қазақстанды дүрліктірген маньяк қылмыс үстінде ұсталды

Сәуір 16, 15:33

ШҚО-да сайлауалды бағдарламаның орындалуын қадағалайтын 12 қоғамдық кеңестің құрамы бекітілді

Сәуір 16, 14:56
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

Шымкенттің бас дәрігері инфекциялық ауруханадағы жағдайды көрсетті

Шымкенттің бас дәрігері инфекциялық ауруханадағы жағдайды көрсетті

Сәуір 16, 2021
оқушы

NIS оқушысы АҚШ-тың 5 университетінің шәкіртақысын ұтып алды

Сәуір 16, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»