БҚО прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлағандай, Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының бастығы мен оның сыбайласына қатысты екі ай мерзімге «күзетпен ұстау» түрінде қамауға алынған. Бұл туралы mgorod.kz хабарлайды. Еске сала кетейік, 29 қазанда БАҚ-та БҚО Денсаулық сақтау басқармасының бастығы Болатбек Каюповтың 7 млн теңге көлемінде пара алды деген күдікпен ұсталғаны айтылды. 30 қазанда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басқарма басшысының қамауға алынғанын растады. Болатбек Каюпов 2020 жылдың 12 наурызында БҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып тағайындалды.