Адам ағзасын заңсыз трансплантациялаған дәрігерлерге қатысты сот үкімі шықты
Адам ағзасын заңсыз трансплантациялаған дәрігерлерге қатысты сот үкімі шықты
2 қарашада Нұр-Сұлтан қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ағзаларды заңсыз ауыстыру туралы істі қарады, - деп хабарлады Нұр-Сұлтан қалалық соты. Б. Т.Тайсалованың 2017-2018 ж. ж. аралығында Қазақстандағы шетелдік компанияның мүдделерін білдіре отырып, қазіргі уақытта халықаралық іздеуде жүрген адамдармен алдын ала сөз байласу арқылы әрекет еткені анықталды. Ол оларға тірі адамдардың органдарына қатысты заңсыз мәмілелер жасауға көмектескен. Бұл ретте, донор мен реципиенттің туыстық байланыстары туралы жалған құжаттарды пайдаланып, нотариалды ресімделген келісім туралы өтеусіз мәлімдемелерді Қазақстанның медициналық мекемелеріне ұсынған, солардың негізінде ағзаларды ауыстырып орналастыру жүргізілген. Сондай-ақ транспланттауды жүзеге асыратын дәрігерлер Г. М. Құттымұратов пен А. А. Донбай құжаттардың жалғандығы туралы білмейтіні анықталды, ағзаларды ауыстырып орналастыру бойынша барлық операциялар тиісті құжаттарды ресімдей отырып, ресми түрде жүргізілген. Операцияларға ақы төлеу медициналық мекеменің бухгалтериясы арқылы жүргізілген. Осыған байланысты Құттымұратов пен Дөнбай ағзаларды заңсыз ауыстыруда кінәсіз деп танылды. Сонымен қатар, Құттымұратов жүргізген ағзаларды ауыстырып салу операциясының нәтижесінде пациент ВИЧ жұқтырған, яғни соңғысы өз міндеттерін тиісінше орындамаған. Тайсалова ҚК-нің 28-бабының 5-бөлігі, 116-бабының 2-бөлігі 3,4-тармақтары, 385-бабының 3-бөлігі бойынша 6 жылға бас бостандығынан айырылды (жаза 6 жыл 8 айдан аспауы керек). Құттымұратов ҚК-нің 317-бабының 5-бөлігі бойынша 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды (барынша ең жоғары жаза). Үкім заңды күшіне енген жоқ.