Тауар тиелген фураларға тығылған заңсыз мигранттар шекарадан өткен бойда ресейліктерге ұсталды, деп хабарлайды ATPress.kz. Ресейлік БАҚ хабарлағандай, "Қараөзек" өткізу пунктінде (Астрахан облысы) шекаралық ресімдеу барысында Қазақстаннан Ресейге баратын үлкен жүк көлігі күдік тудырған. Фураны көлік ағынынан режимдік аумаққа көшіргеннен кейін ФСБ шекаралық арнайы қызметі тоқыма түктерінің арасынан он шетел азаматын – жеті ер адам мен үш әйелді тапты. Кейін олардың барлығына алдағы бірнеше жылға Ресей аумағына кіруге тыйым салынғаны анықталған. Жүргізуші мен заңсыз тұлғалар ұсталды. Айтпақшы, фура жүргізушісі бұрын Орынбор облысы бойынша Ресей ФҚҚ Шекара басқармасы қызметкерлерінің назарына іліккен екен. Олар Астраханьдағы әріптестеріне дәл осы жүргізушінің шетел азаматтарына ел аумағына заңсыз кіруіне көмектесуі мүмкін екенін айтқан. Ұсталғандардың азаматтығы көрсетілмейді. Жүргізуші "ТМД елдерінің бірінің азаматы" екені ғана айтылған. Айта кету керек, біздің аумақтан "Қараөзек" өткізу пунктіне көлік тек "Құрманғазы" (Атырау облысы) пунктінен өте алады. Біздің шекарашылар заңсыз шекара бұзушыларды қалай өткізіп алғаны алаңдатады. https://www.youtube.com/watch?v=1Z6zE9otKfQ&feature=emb_logo