Қар жауып, көктайғақ болады
Қар жауып, көктайғақ болады
160
оқылды
Қараша айында атмосфералық фронтальды учаскелердің бүкіл Қазақстан бойынша өтуінен ауа райы тұрақсыз болып, жаңбыр, қар жауады. Кей жерлерде жел тұрып,  тұман болады. Ал Солтүстік-батыста және солтүстікте қар жауып, көктайғақ күтілуде. Бұл жөнінде «Қазгидромет» хабарлайды.   Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай облыстарында желдің күші 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с, тұман, көктайғақ, қарлы боран болады. Павлодар облысында таңертең және күндіз желдің күші 15-20, кей жерлерде 25 м/с күшеймекші. Шығыс Қазақстан, Қарағанды, түнде Ақтөбе облыстарында желдің күші 15-20 м/с, Қарағандыда тұман болады. Түркістан облысында кей жерлерде найзағай ойнап, қатты жел тұрады. Батыс Қазақстан, Жамбыл облыстарында кей жерлерде тұман күтіледі.