Қараша айында атмосфералық фронтальды учаскелердің бүкіл Қазақстан бойынша өтуінен ауа райы тұрақсыз болып, жаңбыр, қар жауады. Кей жерлерде жел тұрып, тұман болады. Ал Солтүстік-батыста және солтүстікте қар жауып, көктайғақ күтілуде. Бұл жөнінде «Қазгидромет» хабарлайды. Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай облыстарында желдің күші 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с, тұман, көктайғақ, қарлы боран болады. Павлодар облысында таңертең және күндіз желдің күші 15-20, кей жерлерде 25 м/с күшеймекші. Шығыс Қазақстан, Қарағанды, түнде Ақтөбе облыстарында желдің күші 15-20 м/с, Қарағандыда тұман болады. Түркістан облысында кей жерлерде найзағай ойнап, қатты жел тұрады. Батыс Қазақстан, Жамбыл облыстарында кей жерлерде тұман күтіледі.