Әйелін кепілге алған азамат сотталды

Әйелін кепілге алған азамат сотталды

Орал қаласында алты сағат бойы әйелін кепілде ұстаған Ерлан Ис­ламғалиев 13 жылға сотталды. Сон­дай-ақ ол моральдық зиян тигізгені үшін 10 миллион теңге айыппұл төлейді.

2019 жылдың қараша айында Орал қаласының тұрғыны Ерлан Исламғалиев өзінің бұрынғы әйелі Ираида Ислам­ғалиеваны кепілге алған. Оқыс оқиға әйел жұмыс істейтін нотариалдық кеңседе бол­ды. Әйел күйеуінің алты сағат бойы кең­седе ұстап, өлтіремін деп қорқытқанын мә­лімдеген болатын. Оның айтуынша, осы уақыт аралығында ол ұрып-соғып, зор­лаған. Кепілге алынған адамды босату үшін полиция келіссөз жүргізген, себебі қаскөй көпқабатты үйді жарып жіберемін деп қорқытқан. Ер адам ұшақ пен ақша талап еткен. Төтенше оқиға орнына облыстың барлық жедел қызметтері жұмылдырылып, көпқабатты үйдің жүзден астам тұрғыны эвакуацияланған. Сотқа дейінгі тергеу «Қаруды қол­данумен кепілге алу», «Қорқытып-үркіту», «Бірнеше рет жасалған аса қатыгездікпен зорлау», «Азаптау арқылы қорлау», «Аса ірі көлемде бопсалау» сынды баптар бойынша қаралған. Сот жабық есік жағдайында өтті.

 М.ХАҚНАЗАР