Жеті баланың анасы тігін шеберхана ашты
Жеті баланың анасы тігін шеберхана ашты

Жамбыл облысы Жаңатас қаласының тұрғыны Аида Ақылбекова кәсібін ашып, жемісін көріп отыр. Ол өзі жеті баланың анасы екен.

Көпбалалы Аида Ақылбековаға ай сайын 163 826 теңге көлемінде жалпы сомасы 2 миллионға жуық атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған екен. Бұл жайында Жамбыл облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы хабарлады.

Бірақ ол атаулы әлеуметтік көмекке қарамастан, әлеуметтік келісімшарт бойынша жұмысқа орналасуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысып жүріп, тігін шеберханасын ашып алды.

Көпбалалы анаға мемлекет тарапынан қолдау болуы керек. Дегенмен одан басқа әр адам өз ісін ашса нұр ұстіне нұр болар еді, – деді ол.

Оның айтуынша, ол 25 жасымнан бастап құрылысшы-монтаждан бастап, аспаздыққа дейін түрлі курсты оқыған.

– Қолымнан бәрі келеді демеймін. Бірақ жұмыстан қашпаймын. Үйде жөндеу жұмыстарын да жасай аламын, шашты да әдемілеп қысқартамын, асты да дәмді етіп пісіремін, – дейді ол.

Сөйтіп жүріп, тігінші мамандығын меңгеріп алған. Мемлекеттік грант бойынша қажетті қаржыға қол жеткізіп, тігін машинасын, үтік, үтіктеу тақтасы мен ас пісіретін кәсіби пеш сатып алған. Қазір ол жаңа туған нәрестелерге арналған киім тігуге тапсырыстар алып, нәсібін арттырып отыр.