Жер сілкінісінен Президенттің үйі жарылып кетті

Жер сілкінісінен Президенттің үйі жарылып кетті

Бұл жайында GMA New хабарлады.

Давао қаласында Филиппин президенті Родриго Дутертедің үйі бұзылды. Оған себепші болған, бүгінгі аралдағы жер сілкінісі екен.

 Соның салдарынан президент үйінің қабырғалары мен төбесі жарылып кеткен екен.


Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, сілкіністер Рихтер шкаласы бойынша 6,8 болып, кейін 6,5-ке төмендеген.

Жалпы, қаладағы апаттың салдарынан үш адам қаза тауып, 10 шақты адам жарақат алды.

«Қазіргі уақытта президент қауіпсіз. Ол қызметкерлерге зардап шеккен аймақтарды аралап көруді тапсырып, көмекке мұқтаждың барлығын жәрдемдесуді талап етті» деді мемлекет басшысының өкілі Сальвадор Панело.