Археологтар әзірге бұл ескерткіштер біздің заманымызға дейінгі ерте темір дәуіріне тиесілі деген болжам жасап отыр, – деп жазады 24.kz.
Топырақты қазған кезде ағаштан салынған қорғандардан бөлек қыш ыдыстардың қалдығы табылған. Осыдан 30 жылдай уақыт бұрын дене шынықтыру сауықтыру кешені салына бастағанымен кейін тоқтап қалған. Ал жаңа сауда үйінің іргетасы 2 жылдан бері салына бастаған. Археологтар құзырлы органдармен бірге осы құнды ескерткіштерді зерттемек.Археолог Айдын Жүнісханов: «Жұмысшылар қыш ыдыстардың қалдығын тапқанын хабарлаған. Кездейсоқ табылған, арнайы зерттеу жұмыстары жүргізілмеген. Соның нәтижесінде, құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қарасақ, 4 қорғанның ізі анық байқалады. Былай қимасынан 4 қорған. Оның 95 проценті бұзылған. Тек артқы қабырғалары қалған. Алдын ала шамамен болжам бойынша Есік қорғандары мен Берел қорғандарына ұқсастығына қарап, оның сол біздің заманымызға дейінгі IV-III ғасырлар болуы мүмкін деп болжап отырмыз», – дейді.