Қауіпті жүкті тасымалдау ережеcі өзгерді
Қауіпті жүкті тасымалдау ережеcі өзгерді
157
оқылды

«Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушы 2020 жылғы 15 қазандағы №530 бұйрығымен Қазақстан аумағында автомобиль көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидаларына және автокөлік құралдарымен тасымалдауға рұқсат етілетін қауіпті жүктер тізбесіне «Қауіпті жүк» тақтайшасының үлгісін бекітуге, Қазақстан аумағында автокөлікпен тасымалдауға рұқсат етілетін қауіпті жүктер тізбесін жаңартуға, Қазақстан аумағы бойынша қауіпті жүкті тасымалдауға жүргізушіге рұқсат беру туралы куәліктің үлгісін бекітуге, ҚЖХЖТ-да бекітілген нысанға сәйкес түзетулер енгізілді» делінген ресми хабарламада.

Министрліктің мәлімдеуінше, қауіпті жүктерді тасымалдау ережесіне енгізілген түзету 16 қарашада күшіне енеді.