Шабуылды бірнеше қаскөй ұйымдастырған, олардың бірін полиция атып өлтірді, – деп хабарлайды Еuronews.
Полицияның мәліметінше, шабуыл алты орында, соның ішінде қала орталығындағы синагога жанында, еврей орталығы мен мейрамхана жанында болған. Құқық қорғау органдары бір адамның қайтыс болғанын, бірнеше адамның ауыр жарақат алғанын, оның ішінде полиция қызметкері бар екенін растады. [caption id="attachment_84662" align="aligncenter" > Фото: Интернеттен алынды[/caption]Жергілікті билік қала тұрғындарынан үйден шықпауды, куәгерлерге оқиға орнынан видео мен суретті әлеуметтік желіге таратпауға шақырды. Қалада қоғамдық көлік тоқтады. Австрия канцлері Себастьян Курц полиция шабуыл жасаушылар қатаң жазаланатынын айтты.Қала билігінің мәліметінше, терактіде 15 адам зардап шеккен. Сонымен қатар жедел жәрдем қызметі бірнеше адамның қаза тапқаны туралы болғанын хабарлады.
«Біз терроризммен қорқытып-үркітуге жол бермейміз және мұндай шабуылдарға қарсы бар күш-жігерімізбен күресеміз», – деді канцлер.