Орманда асылған Әлем чемпионы
Орманда асылған Әлем чемпионы

Әлем чемпионы, британиялық дзюдошы Крейг Фэллон өлі күйінде табылды. Prospоrts.kz сайты хабарлады.

 36 жастағы спортшы Фэллон Англияның батыс бөлігіндегі Шропшир орманында асылып қалған. Mirror порталының мәліметінше, ол өлерінің алдында сүйіктісіне «Бұл – менің таңдауым» деген хабарлама жіберген екен.

Айта кетейік, соңғы уақытта Фэллон валлийлік дзюдо ассоциациясында бапкерлік қызмет атқарған.