Қостанайда Lexus жүргізушісі зейнеткерді ұрып кетті (видео)
Қостанайда Lexus жүргізушісі зейнеткерді ұрып кетті (видео)
167
оқылды

Бұл жайында «Алау» порталына хабарлайды.

Оқиға 23 қазан күні гаражда болған. 69 жастағы Анатолий Шевцов тіркемені көлігінен ажырату үшін гараждың жанында тоқтаған. Сөйтіп, кооператив көшелерінің біріне өтуге ішінара тосқауыл болған.

Сол уақытта көшедегі жолдың бос бөлігімен Lexus өтіп, тоқтаған. Сөйтіп көліктен түскен жүргізуші зейнеткерге бет алған. Кенеттен оны бір ұрған. Анатолий дәл осылай жауап беруге тырысқанымен одан таяқ жеп қалған.

https://youtu.be/-IaS3BF8azc

Жәбірленушінің айтуынша, шабуылдаушы оның мұрны мен тісін сындырып, содан көлігіне отырып кетіп қалған.

Анатолий полицияға арыз бергенімен шабуылдаушы әлі табылмаған.