Қазақстанда 5 ауыл жойылмақшы
Қазақстанда 5 ауыл жойылмақшы
150
оқылды

Бұл жайында Алау порталы мәлімдеді.

31 қазан күні Қостанай облыстық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өткен. Онда депутаттар облыстың әкімшілік-аумақтық құрылымындағы өзгерістерге дауыс берген. Нәтижесінде, Қостанай, Денисов, Әулиекөл және Қарасу аудандарындағы бес елді мекенді тарату туралы шешім қабылданды.

Енді Қостанай облысының картасынан Янушевка, Чебендовка, Кирова, Братское, Күленсай ауылдары жоғалады. Онда 50-ден аз адам тұрады екен.

Мәслихаттың қалған тұрғындарды көшіру туралы шешімі күшіне енген соң, олар жақын маңдағы ауылдарға қосылады.