Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Жаңалықтар

Nur Otan: Кандидаттар жиын өткізетін жерін айтты

Nur Otan партиясы өңірлік филиалдарында өтетін конференциялардың кестесін жариялады. Оның барысында барлық деңгейдегі мәслихаттарға партиялық тізімдер және әр өңірден Мәжіліске партиялық тізімге кандидаттар анықталатын болады.

Нұрбек БАҚЫТ
Қараша 3, 2020
Жаңалықтар, Nur Otan, ПРАЙМЕРИЗ, Саясат
кандидат, Nur Otan, партия

Фото: Интернеттен алынды

49
қаралым

Сонымен, конференция 10 қарашада – Шымкент қаласында, 11 қарашада – Алматы қаласында, 12 қарашада – Нұр-Сұлтан қаласында өтеді. Алматы, Қарағанды және Қызылорда облыстарында – 16 қарашада, ал Ақмола, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Түркістан, Атырау, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында – 17 қарашада өтпек.

Партияның баспасөз қызметі хабарлағандай, пандемия жағдайына байланысты партиялық конференциялар барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып ұйымдастырылады. Бұл ретте партияның ресми аккаунттарында барлық өңірлік конференциялардың онлайн-көрсетілімі қамтамасыз етіледі.

Конференцияларда шешім қатысушы делегаттардың көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыс беру «Праймериз» ақпараттық жүйесінде өтетін пікірсайыстардың қорытындылары бойынша дауыс беруді қоспағанда, делегаттың қол немесе мандатын көтеруі арқылы өткізіледі.

Конференция барысында қатысушылар арасында пікірсайыс  ұйымдастырылады. Бірінші раундта үміткерлер аудан немесе қаланың мәселелерін шешуге қатысты өздерінің көзқарастарын ұсынуы керек. Екінші кезең – «сұрақ-жауап» форматындағы пікірталас сессиясы.

Аналар құрметке бөленді

Жалғысбасты анаға көмек көрсетіледі

Жұмыс жоспары талқыланды

Партияның Орталық аппараты бекіткен филиал конференцияларының әрбір кезеңін регламенттейтін нұсқаулыққа сәйкес, Мәжіліске үміткерлер, республикалық маңызы бар қалаларды қоспағанда, екі рет – аудандық, қалалық және облыстық конференцияларда пікірсайыс өткізеді.

Парламент төменгі палатасының қазір қызметтігі депутаттары бірден облыстық, сондай-ақ республикалық маңызы бар қалалардағы конференциялардың пікірсайыстарына қатыса алады.

Пікірсайыс қорытындысы бойынша ең көп дауыс жинаған кандидат Мәжілістің партиялық тізіміне пікірсайысқа қатысушы ретінде облыстық конференцияға ұсынылады. Әрбір аудан, қала Мәжілістің партиялық тізіміне пікірсайысқа бір қатысушыны ұсынады. Облыс орталығы Мәжілістің партиялық тізіміндегі өңірдің өкілдік квотасына тең санда пікірсайысқа қатысушыларды ұсынады.

Облыстық мәслихаттарға партиялық тізімдер тиісті конференцияларда, ал Мәжіліске қорытынды тізім Nur Otan съезінде бекітіледі.

Айта кетейік, өңірлік конференцияларда үміткерлер арасында пікірсайыстар праймериздің екінші кезеңі аясында өткізіледі.

Партияішілік іріктеудің бірінші кезеңіне 10 мыңға жуық кандидат қатысты. Олардың 37%-ті – әйелдер, 29%-ті – 35 жасқа дейінгі жастар. Бастауыш партия ұйымдарынан кандидаттардың 30%-і ұсынылса, ал 70%-і – өзін-өзі ұсынушылар. Кандидаттардың орташа жасы – 43 жас.  Бұл ретте дауыс беруге 662 мыңнан аса партиялық қатысты.

Партияішілік праймериз – Елбасы, Nur Otan партиясының Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған партия жұмысын қайта жандандыру бағдарламасының қорытынды кезеңдерінің бірі.

Бұл туралы толығырақ ақпаратпен primaries.kz сайтынан танысуға болады.

 
Тегтер: Nur Otanкандидатпартия
Алдыңғы жаңалық

Денсаулық саласының автопаркі жаңаруда

Келесі жаңалық

Балаларын пышақтаған әйелге қатысты сот үкімі шықты

Ұқсас жаңалықтар

UFC
Жаңалықтар

UFC чемпионы тыйым салынған соққы жасап, титулынан айырылды

Наурыз 8, 2021
Қарағанды
Қазақстан

Қарағандыда пәтерлердің бірінен ер адамның денесі табылды

Наурыз 7, 2021
шектеу
Жаңалықтар

Төрт облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды

Наурыз 7, 2021
Футзал
Жаңалықтар

Футзалдан Қазақстан құрамасының УЕФА-ның жаңартылған рейтингіндегі орны белгілі болды

Наурыз 7, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

UFC чемпионы тыйым салынған соққы жасап, титулынан айырылды

Наурыз 8, 00:12

Қарағандыда пәтерлердің бірінен ер адамның денесі табылды

Наурыз 7, 23:27

Төрт облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды

Наурыз 7, 22:43

Футзалдан Қазақстан құрамасының УЕФА-ның жаңартылған рейтингіндегі орны белгілі болды

Наурыз 7, 22:10

Ақтауда тұрғын үйлердің бірінде түлкі видеоға түсіп қалды

Наурыз 7, 21:28

Қазақ қызы Қытайдың үздік студенті атанды

Наурыз 7, 20:40

Елордалық спортшылар қарттар үйіндегі аналарды мерекемен құттықтады

Наурыз 7, 20:10
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

UFC

UFC чемпионы тыйым салынған соққы жасап, титулынан айырылды

Наурыз 8, 2021
Қарағанды

Қарағандыда пәтерлердің бірінен ер адамның денесі табылды

Наурыз 7, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»