Бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов қамауға алынды
Бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов қамауға алынды
121
оқылды

Комитеттің мәліметінше, экс-министр аса ірі көлемде қазына қаражатты ысырап етті деген күдікке ілініп отыр.

«Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің Экономикалық тергеу қызметі бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа қатысты аса ірі көлемде бюджет қаражатын ысырап ету фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Сот Біртановқа қатысты қамауда ұстау бұлтартпау шарасын санкциялады. Тергеу мүддесіне байланысты қосымша ақпарат жарияланбайды» делінген комитеттің хабарламасында.