Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Венадағы террорлық актіге байланысты Австрия Президенті Александр Ван дер Белленге көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
«Бүкіл австриялықтар сияқты барлық дінге кереғар келетін, адами сенім мен ақылға сыймайтын мұндай жантүршігерлік зорлық әрекетке қарсымын. Терроризмнің кез келген түріне жол беруге және оны ақтауға болмайды. Осындай қаныпезер зұлымдыққа барған барлық кінәлілер жауапқа тартылады деп үміттенемін. Қазақстан халқының және өз атымнан қаза болғандардың отбасыларына қайғырып көңіл айтамын, зардап шеккен азаматтардың тезірек сауығып кетуіне тілектеспін. Осынау қаралы күндері Австрияның Федералдық Үкіметімен және халқымен біргеміз», – делінген жеделхатта.