Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Қазақстан

Қақтығыс болған Сортөбе ауылында «Имамдар үйі» ашылды

"Айқын" ақпарат
Қараша 3, 2020
Жаңалықтар, Қазақстан
имамдар үйі
123
қаралым

Жалпы Қордай қақтығысынан кейін аталған елді мекенде дін мен тіл мәселесі басты назарға алынғаны белгілі. Бұған дейін өзге ұлт өкілдерін қазақ тіліне үйрету мақсатында арнайы оқыту курстары жанданса, енді күні кеше Сортөбе ауылынан «Имамдар үйі» орталығы ашылды.

Мұнда облыс имамдары бас қосып, түрлі тақырыптарды талқылайтын болады. Сонымен қатар өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйрету дәрістері де осында ұйымдастырылады.

«Имамдар үйінде» оңалту, бейбітшілік пен келісім бөлмелері, өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйрету сыныбы, дәрісхана, кітапхана, медициналық пункт және мәжіліс залы қарастырылған. Бұдан бөлек асхана, жуыну бөлмелерімен қатар меймандарға арналған жатақхана да бар.

Қордай ауданының бас имамы Дәурен Құттыбаевтың айтуынша, «Имамдар үйі» жамағаттың күшімен тұрғызылған екен.

Зейнетақы жинағын алу: Үш сағатта арнайы сайтта 4 мыңнан астам өтінім тіркелді

Бес ауылдың жері сатылып кете жаздады

Қостанай облысындағы ауыл мектебінде 4 бала ғана оқиды

– Бүгінде діннің атын жамылып, өзінің жымысқы ойын жүзеге асырушылар баршылық. Ондайлар қалың қауым арасынан кезігіп жатқанын да көз көруде. Оған қоса Қордай қақтығысы біз үшін үлкен сабақ болды. Сол себепті тұрғындар болып осы «Имамдар үйін» салдық.

Әрине барлық шаралар тек осы жерде өтпейді. Мешіттерде де уағыз айтыла береді. Алайда бұл үй барлық имамдардың бас қосар орталығына айналады,–дейді ауданның бас имамы.

«Имамдар үйіндегі» оңалту бөлмесі отбасылық қиын жағдайға түскендермен тілдесіп, оларға қолдау көрсетумен айналысады. Сондай-ақ өзін жалғыз сезініп, тағдыр тәлкегінен жабығып жүрген жандар да мұнда келіп мамандардан кеңес алуына мүмкіндік жасалған.

Осылайша өңірде бұрын соңды болмаған «Имамдар үйі» енді тұрғындарды имандылыққа үндеп, түрлі түйткілдердің түйінін тарқататын орталыққа айналмақ. Бұл әрине Қордай халқы үшін ауадай қажет.

Саятхан Сатылған,
Жамбыл облысы

 
Тегтер: ауылимаммешітСортөбеүй
Алдыңғы жаңалық

Тоқаев Австрия президентіне көңіл айтты

Келесі жаңалық

Жамбылдық дәрігерлер 15 жасар баланың бас сүйегін темірмен ауыстырды

Ұқсас жаңалықтар

дәрігер
Жаңалықтар

Дәрігер COVID-19 кезінде иіс пен дәм сезуді қалай қалпына келтіруге болатынын айтты

Қаңтар 25, 2021
операция
Жаңалықтар

Операциямен артық майын алдыратындар неге көбейді?

Қаңтар 25, 2021
коронавирус, қызыл аймақ, Алматы, Ақмола, Павлодар, Нұр-Сұлтан
Жаңалықтар

COVID-19: Қазақстан «қызыл» аймаққа кірді

Қаңтар 25, 2021
пневмония, коронавирус, науқас,
Жаңалықтар

Бір тәулікте пневмониядан үш адам қайтыс болды

Қаңтар 25, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Дәрігер COVID-19 кезінде иіс пен дәм сезуді қалай қалпына келтіруге болатынын айтты

Қаңтар 25, 11:13

Операциямен артық майын алдыратындар неге көбейді?

Қаңтар 25, 10:29

COVID-19: Қазақстан «қызыл» аймаққа кірді

Қаңтар 25, 09:39

Бір тәулікте пневмониядан үш адам қайтыс болды

Қаңтар 25, 09:12

Армениядан әкелінген көлігі бар азаматтар екі мемлекетке салық төлейді

Қаңтар 25, 08:53

Қазақстанда бір тәулікте коронавирусқа шалдыққандар саны тағы да көбейді

Қаңтар 25, 08:07

«Арселор Миттал Теміртауда» тағы да апат болды

Қаңтар 25, 07:56
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

дәрігер

Дәрігер COVID-19 кезінде иіс пен дәм сезуді қалай қалпына келтіруге болатынын айтты

Қаңтар 25, 2021
операция

Операциямен артық майын алдыратындар неге көбейді?

Қаңтар 25, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»