Польшада 16 жастағы қазақстандықты атып кетті
Польшада 16 жастағы қазақстандықты атып кетті
Польшада Қазақстан азаматын біреу атып кеткен. Бұл ақпаратты Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі растады. «2 қарашада Польшаның Ополе Любельское қаласында 2004 жылы туған Қазақстан азаматы оқ жарақаты салдарынан қаза тапты. Тергеу амалдары жүргізілуде. Қазіргі таңда Елшілік ҚР азаматының туыстарымен байланыс орнатып, оның денесін елге қайтару жұмыстарын атқарып жатыр», - делінген хабарламада.