Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Жаңалықтар

Тағы бір облыста шектеулер күшейтіліп, бір қала карантинге жабылады

Петропавл қаласында қаланың периметрі бойынша блокпосттар орната отырып карантин енгізіледі.

Рая Мінап
Қараша 3, 2020
Жаңалықтар, COVID-19, Қазақстан
өңір

© сурет интернеттен алынды

2.6k
қаралым

COVID-19-дың таралуын тежеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның төрағасы, Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына барды

Вице-премьер алдымен Облыстық көпсалалы балалар ауруханасында болып, өңірдің коронавирустық инфекцияның екінші толқынына дайындығы бойынша жұмыстарын тексерді. Сондай-ақ елдің оңтүстік және батыс өңірлерінен келген жас медицина қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Жұмыс сапары барысында вице-премьер өңірдегі эпидемиологиялық жағдай бойынша облыс басшылығымен кеңес өткізді, облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың, жергілікті мемлекеттік органдар басшыларының қабылданып жатқан шаралар туралы есебін тыңдады.

СҚО-да жоғалып кеткен зейнеткердің денесі табылды

Тағы бір қалада карантин күшейтілді

Алматы облыстық соты карантинге жабылды

Премьер-Министрдің орынбасары өңірде тіркелген СOVID-19 фактілері санының артып отырғанын атап өтті. Облыстың кейбір аудандарында коронавирустық инфекциямен ауыру өткен аймен салыстырғанда 4,7 есе өскен. Вице-премьер жергілікті билік органдарының аймақтағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға күш жұмылдыру қажеттігін атап өтті.

COVID-19-ды шетелден жұқтырып келу жағдайларының жалғасып жатқанын ескере отырып, Ведомствоаралық комиссия ағымдағы жылғы 9 қарашадан бастап халықаралық екі жақты және транзиттік жүк тасымалдарын жүзеге асыратын жүргізушілер (шетелдік және Қазақстан Республикасы азаматтары) үшін теріс нәтижесі бар ПТР тестілеу туралы анықтаманы (берілген сәттен бастап 3 тәуліктен аспайтын) міндетті түрде ұсыну жөніндегі талапты енгізу туралы шешім қабылдады. Қазақстан азаматтарының мұндай анықтамасы болмаған жағдайда, жүк тасымалдаушылар ПТР-тест нәтижелері дайын болғанға дейін 2 тәулікке карантинге орналастырылатын болады.

Сонымен қатар, Ведомствоаралық комиссия облыс әкімдігіне ағымдағы жылдың 9 қарашасынан бастап бірқатар шектеу шараларын қабылдауды, атап айтқанда:

Петропавл қаласында қаланың периметрі бойынша блокпосттар орната отырып карантин енгізуді;

күн сайынғы өсімі 10-нан астам жағдайды құрайтын елді мекендерде санитарлық блокпосттар орнатуды;

Петропавл-Алматы бағыты бойынша теміржол тасымалдарын аптасына 7-ден 3 ретке дейін қысқартуды;

облыс ішінде жолаушылар темір жол құрамдарының аялдауына тыйым салуды;
Петропавл қаласынан шығатын әуе жолаушылары үшін теріс нәтижесі бар ПТР анықтамасының (берілген сәттен бастап 3 тәуліктен аспайтын) болуын міндеттеуді;

діни объектілердің, театрлардың, кинотеатрлардың, мәдениет объектілерінің қызметін тоқтата тұруды;

Жұмыс күндері:

үй-жайлардағы қоғамдық тамақтандыру объектілерінің жұмысын бір мезгілде 30-дан аспайтын келушілер болған жағдайда, 30-дан кем орынды объектілер үшін есептік орындардың 50%-ынан аспайтын жағдайда сағат 8.00-ден 21.00-ге дейін шектеуді;

сауда үйлері, сауда орталықтары, ауданы 500 шаршы метрден астам азық-түліктік емес дүкендер жұмысын сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін шектеуді;

Демалыс күндері қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмысын тапсырыс берушіге жеткізу нысанына ауыстыру арқылы сағат 08.00-ден 21.00 сағатқа дейін шектеуді;

демалыс және мереке күндері сауда үйлері, сауда орталықтары, ауданы 500 шаршы метрден асатын азық-түліктік емес дүкендер жұмысын шектеуді;
жексенбі күндері сұлулық салондарының, шаштараздардың, бассейндердің, фитнес-клубтардың, жаттығу залдарының жұмыстарын шектеуді;

офлайн кеңестер өткізуге тыйым салу;

қызметкерлердің кемінде 80%-ын қашықтан жұмыс форматына ауыстыруды қамтамасыз етуді;

әуежайларға, темір жол вокзалдарына күтіп алатын және шығарып салатын тұлғаларды кіргізуге тыйым салуды (билет болған жағдайда ғана өткізуді);

65 жастан асқан адамдарға азық-түлікті, бірінші кезекте қажетті тауарларды, дәрі-дәрмектерді және медициналық бұйымдарды сатып алу жағдайларын қоспағанда, аса қажеттіліксіз тұрғылықты жерінен шықпауды ұсынуды;

карантин режимін сақтау жөніндегі мониторингтік топтардың жұмысын атап айтқанда Петропавл қаласы, Айыртау, Аққайың, Ақжар аудандарында күшейтуді;

карантин режимін сақтау қажеттілігі туралы халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтуді;

облыс тұрғындарын ПТР тестілеумен қамту көлемін арттыру тапсырды.

 
Тегтер: карантинПетропавлСҚОшектеу
Алдыңғы жаңалық

Жаяу жүретіндерге айына 100 доллардан берілетін болды

Келесі жаңалық

«Кедергісіз келешек» партиялық жобасы алматылықтарға қолдау көрсетуде

Ұқсас жаңалықтар

Барыс
Жаңалықтар

Елордалық «Барыс» сырт айдында Мәскеулік «Динамоны» жеңді

Қаңтар 22, 2021
SMS
Жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда жолақыны SMS арқылы төлеу тоқтатылады

Қаңтар 22, 2021
облыс
Қазақстан

Еліміздің бес облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қаңтар 21, 2021
зейнеткер
Жаңалықтар

СҚО-да жоғалып кеткен зейнеткердің денесі табылды

Қаңтар 21, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Елордалық «Барыс» сырт айдында Мәскеулік «Динамоны» жеңді

Қаңтар 22, 01:08

Нұр-Сұлтанда жолақыны SMS арқылы төлеу тоқтатылады

Қаңтар 22, 00:21

Еліміздің бес облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қаңтар 21, 23:47

СҚО-да жоғалып кеткен зейнеткердің денесі табылды

Қаңтар 21, 23:10

«Ордабасы» клубына жаңа бапкер келді

Қаңтар 21, 22:44

Әскерге шақырылғандарды SMS хабарлама арқылы хабардар етеді

Қаңтар 21, 22:18

Қарттар үйіндегі өрттен 15 адам көз жұмды

Қаңтар 21, 21:45
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

Барыс

Елордалық «Барыс» сырт айдында Мәскеулік «Динамоны» жеңді

Қаңтар 22, 2021
SMS

Нұр-Сұлтанда жолақыны SMS арқылы төлеу тоқтатылады

Қаңтар 22, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»