«Қазгидромет» РМК 4 қараша күні ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады. Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі. Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Күндіз солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с артады. Күндіз Түркістан облысының кей жерлерінде солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күшейеді. Қостанай облысының кей жерлерінде тұман болжанады. 4-5 қарашада Қарағанды облысының кей жерлерінде, сондай-ақ тұман болады. 4-5 қарашада Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Күндіз 4 қарашада, тәулік бойы 5 қарашада батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с артады.