Сарықұдық ауылында тұратын отбасы құрт сатып, зәулім үй салып алды
Сарықұдық ауылында тұратын отбасы құрт сатып, зәулім үй салып алды
286
оқылды
Батыс Қазақстан облысы Сарықұдық ауылында тұратын отбасы құрттан түскен пайдаға зәулім үй салды. Ниетқабыловтар шаңырағында таң атысымен қызу тіршілік басталады. Бәрі күн сайын ерте тұрып, мал қамына кіріседі. Қазір қорада жиырма шақты сауын сиыр бар. Отбасы мүшелері сиырды қысы-жазы сауып, өнімін алады. Құрт жасаудың және оны тез кептірудің ерекше тәсілін де тапқан. Еңбексүйгіш ата-ана балаларын да осы кәсіпке баулыған. Бәрі үстел басына жайғасып, іске бірге кіріседі. Отбасының айтуынша, күніне 300-400 құрт жасалады. Оларды тез кептіру мақсатында үй ішінен жылы қойма дайындалған. Отағасы құрт сату үшін Оралға айына 3 рет барады. Әр барған сайын кемінде 100 мың теңге пайда тауып келеді екен. Бұрын дүкендерді аралап, тауарын ұсынып әлек болып жүрсе, қазір олай емес. Өнім сапалы болғандықтан тұрақты тұтынушылар пайда болды деп жазады 24 kz.
«Мыңдап, екі мыңдап апарып, сатады. Ешқандай жалоба түсіп көрген жоқ. Майдан да, құрттан да. Бәрі жақсы. Сұраныс көп. Атырау жақтан да сұрайды. Ауылдың тіршілігін білемін. Өзім ауылдан шықтым. Ата-енеммен 15 жыл тұрдым. Күнделікті тіршілік қой сол, құртымызды жасаймыз», – дейді Әлия Ниетқабылова.
Осылайша, отбасы аздаған жыл ішінде баспана салып алды. Құрылысты былтыр көктемде бастап, қара суық түскенше аяқтап үлгерді. «Аңсаған арманымызға адал еңбектің арқасында бірге жеттік» дейді отағасы.