Абай – адамзатқа ортақ ғұлама
Абай – адамзатқа ортақ ғұлама

Сенат Төрағасы Мәулен Әшім­баев Абайдың өзбек тіліне ауда­рылған шығармалары мен шы­ғыстың ғұлама шайыры Әлішер Науаидің қазақ тілінде жарық көрген «Хамса» атты кітабының таныс­тырылымына қатысты. 

Кітаптардың тұсаукесер рәсіміне Пар­ламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаевпен қатар Өзбекстанның Олий Мәжіліс Сенатының төрайымы Танзила Нарбаева, Халықаралық Түркі ака­де­мия­сының президенті Дархан Қыдырәлі, Түркия, Өзбекстан, Қырғыз Республикасы елдерінің Қазақстандағы елшілері, Мә­жіліс депутаттары және бірқатар ақын-жазушы мен зиялы қауым өкілдері қа­тысты. Мәулен Әшімбаев бұл күннің қазақ және өзбек әдебиеті үшін, сондай-ақ тұтас түркі жұрты үшін маңызы зор екенін айтты. «Абай қазақтың ғана ақыны емес. Ол – барша адамзатқа ортақ ғұлама. Ақынның ой-толғамдары мен өсиеті барша түркі жұртына арналған десек те, артық бола қоймас. Қазіргідей сын-қатер заманында біз осындай ортақ құн­ды­лықтарымызды кеңінен дәріптеуіміз керек. Әсіресе, жас буынға жан-жақты насихаттасақ, түркі дүниесінің бірлігін ны­­­ғайтуға қосылған үлкен үлес болар еді», – деді Сенат Тө­рағасы. Сонымен қатар ол Абай мен Науаи мұраларының рухани сабақтастығына назар аударды. «Шығыс шайырларының дара тұл­ғ­а­сы, ежелгі түркі әдебиетінің атасы Әлішер Науаидің еңбегін қазақ тіліне аударуды маңызды оқиға деп қа­был­даймыз. Бұл – қазақ әдебиетіне қосылған құнды үлес. Абай Науаиді өзінің рухани ұстазы санап, оның өлеңдерінен тағылым алғанын бәріміз жақсы білеміз. Осы тұрғыдан келгенде, екі бірдей ке­мең­гердің еңбек­терін қатар аударудың сим­во­ликалық мәні бар» деген Мәулен Әшім­баев Науаи поэзиясының маңызы мен әлемдік әде­биеттегі орны туралы сөз қозғады.