Белгілі дәрігер, «Nur Otan» партиясының мүшесі Ғалымжан Елеуов Ақтөбе облысы тұрғындарымен онлайн режимде кездесіп, олардың сұрақтарына жауап берді. Тұрғындар көбіне коронавирус инфекциясының салдары мен аурудан емделу жолдарын сұрады. Ғалымжан Елеуов өз кезегінде «Дәру» оңалту орталығының жұмысы туралы да баяндап берді.
Дәрігердің айтуынша, 2 шілдеден бастап «Дәру клиникасы» оңалту медициналық орталығының жанынан вирустық пневмониямен ауыратын науқастарды емдеу үшін 174 орындық провизорлық госпиталь ашылған. 6 адамға дейін ауыр науқастар реанимациялық бөлімнен ем алды. Нәтижесінде, ауруханадан 725 науқас емделген. Қатысушылардың бірі коронавирус инфекциясынан кейін науқастар денсаулығын қалай оңалту керек екенін және аурудың келесі толқынына аурухананың дайындығын сұрады. Ғалымжан Елеуов инфекция организмнің барлық жүйесіне әсер ететін, көптеген асқынуды тудыратын күрделі ауру екенін айтты. Сондықтан тұрғындарға қалпына келтіру емі мен медициналық оңалтудың кешенді курсынан өтуге кеңес берді. «Дәру» орталығынан ұсынылатын оңалтудың түрлерін атады. Аурудың келесі толқынына дайын болу үшін орталыққа қажетті дәрілік препараттар мен қорғаныс құралдары жеткілікті түрде алынғанын тілге тиек етті. Содан соң дәрігер сұрақтарға жауап бере отырып, «Дәру жарығы» офтальмологиялық орталығында басқа медициналық кәсіпорындардан айырмашылығын түсіндірді және жаңалықтарымен бөлісті. Оның айтуынша, қазіргі уақытта балалар мен ересектерге жоғары мамандандырылған нефрологиялық көмек көрсету үшін DARU NEFROS нефрологиялық орталығының құрылысы жүргізілуде. Орталықта созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі бар науқастар емделеді. Ол жапондық Nipro компаниясының соңғы үлгідегі құрал-жабдықтарымен жабдықталады. Айта кету керек, Елбасы Ғалымжан Елеуовке Нұр-Cұлтан қаласында медициналық оңалту және қалпына келтіру емі бойынша мамандандырылған көмек көрсету үшін DARU Ұлттық ғылыми оңалту орталығын салуды тапсырды.А.ЖАСАНҰЛЫ