Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Әлеумет

Әлемде пандемия

Ал Шымкентте дүрілдеген той өтті

«Айқын» ақпарат
Қараша 4, 2020
Әлеумет, Жаңалықтар, Қазақстан
әдем
74
қаралым

Шымкент қаласының Наурыз алаңын­да жаңашыл идеялар фести­валінің жабылу салтанаты өтті. Қала әкімдігінің қолдауымен өткен шара бүгінде әлеуметтік же­лілерде қызу талқыға түсіп жатыр. Әлемде  коронавирус пандемиясы қайта өрши бастаған кезде  үшінші мегаполис шенеуніктерінің мұндай «тойды» не үшін жасағанын түсінбедік. Сақтық шараларына қала басшылығы назар аудармағаны ма сонда?

Бізге және шымкенттік қоғам белсен­ділеріне бұл фестивальдің мәні мен маңызы емес, бүкіл әлем қайта карантинге жабылып, елімізде де күннен-күнге қауіпті дертті жұқтыру өршіп келе жатқан тұста салтанатты шараға жүздеген, тіпті одан да көп адамның қатысып, тамашалағаны таңдандырды. Қатысқанынан бұрын оны Шымкент қаласының әкімдігі қолдап, тіпті жоба авторының қала әкімі М.Әйтеновтің қабылдауында болып, барлығы да келісілген түрде салтанатты жағдайда өткені түсініксіздеу болып тұр.

U:hack shymkent online 2020 жаңашыл идеялар фестивалі деп аталатын,  шығармашыл және бейресми ортада кез келген тұлға өз идеяларын ұсынатын бұл жобаның бірнеше секциясы да бар. Шымкент қаласы әкімдігінің ресми сайты таратқан мәліметтерге сүйенсек,  U:hack алғаш рет 2019 жылы Шымкент қала­сында өткен.  «Жобаның басты мақсаты – мық­ты мамандар мен дарындарға өз идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік жасау және сенімділік сыйлау. Жоба қатысушылары тек қоршаған ортамызды «түзетіп» қана қоймай, қоғам стереотиптері мен өз жалқаулығын да жеңуі қажет. 11 ел мен 25 түрлі қала тұрғындарынан тұратын 1 500-ден астам қатысушы 24 са­ғат ішінде қоғам мен қаланың маңызды мә­селелерін шешуге арналған, жалпы, 400-дей жоба қорғайды», – депті ресми сайтта. Ал атал­ған фестивальдің сайтында көрсетілген ақ­параттық технология, кәсіпкерлік, контент және медиа, кино және видео мен смарт ғылым сынды секцияларына өзіңіз таңдаған тақырып бойынша қатыса аласыз.  Ондағы спикерлер арасында  Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан да бар. Демек, осынау шараға қала әкімі ғана емес, оның бірінші орынбасарының да қызығушылығы басым болып тұр.

Иә, ашылу салтанаты тікелей трансляция форматында өткенімен жабылуы Наурыз саябағында автокинотеатр форматында болады деп хабарланған еді. Алайда  мұнда көрермендердің бәрі сыртта шулап, өнер жұлдыздарымен қоса ән шырқап жатқаны көрініп тұр. Квартирник Drive In ән кешімен жалғасқан кештің қонағы «Ирина Кайратовна» музыка тобы өнер көрсетіп жатқанда жастар қалай шыдап тұрсын?!

Коронавирустан бір аптада 73 адам қайтыс болды

Коронавирусты толық жеңген ел белгілі болды

Цой қатаң карантин қашан жарияланатынын айтты

Желі белсенділерінің бірін ипподромда ұлттық спорттан өтетін турнирге рұқсат бермей жатқанда ұлттық құндылығымыздың орнын осындай жын-ойнақ шараның басуы алаңдатса, коронавирус жұқтырғандар көбейіп, әлем елеңдеп жатқанда мұндай кештің әкімдік қолдауымен өткені де көпшілікке түсініксіз жағдай болды. Ал заңгер Айгүл Орынбек «заң бәрімізге ортақ болса, осы шараны ұйымдастырған Шымкент қаласы әкімдігі жазаға тартылсын!» деген жанайқайын білдірді өзінің парақшасында. Тағы біреулер мұны Хэллоуин мерекесін тойлаушылар деп шатасуда.

Шынында да, қала әкімінің бірінші орын­басары Шыңғыс Мұқан өзінің жеке парақшасына әр күн сайын екінші толқынның басталып кетуі мүмкіндігін тұрғындарға қайта-қайта ескертіп, елді тәртіпке шақырып жатқаны мен мына әрекетін қалай түсінуге болады? Бұл қылығы «молданың айтқанын істе, істегенін істеме» дегенге саяды екен.

Сондай-ақ «отыз адамнан артық жиналмау керек» деген бас санитарлық дәрігердің қаулысы, одан бөлек прокуратура, әкімдік, ішкі істер саласының күн сайын мейрамхана мен кафелерге жүргізіп жатқан рейдтері көз­бояушылық болғаны ма?

Желі белсенділерінің жанайқайына кейбір әкімдік өкілдері «арақашықтық сақталған, тек көлік ішінде отырып тамашалайтын іс-шара»  деп жауап қатыпты. Көпшіліктің күлкісін келтірген бұл жауапты біз «сасқан үйрек артымен сүңгиді» деп қана қабылдадық немесе дұрыс ұйымдастырылмаған. Әйтпесе, көзге көрініп тұрған алаңдағы лық тола  кө­рерменді қайда тығып қоймақ? Онда түсірілген бейнежазбалар да бүгінде әлеуметтік желіні шарлап кетті…

Назгүл НАЗАРБЕК,
Шымкент қаласы

 
Тегтер: әлемкоронавируспандемиятойфестивальШымкент
Алдыңғы жаңалық

Коронавирусқа шалдыққандар саны 114 мыңға жуықтады

Келесі жаңалық

Президент жарлығы: Жаяу жүргендерге миллион беретін болды

Ұқсас жаңалықтар

жалақы
Жаңалықтар

Асқар Мамин биыл кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Қаңтар 26, 2021
«Қазақфильм» 30 миллион теңгенің жымқырылуына қатысты түсініктеме берді
Жаңалықтар

«Қазақфильм» 30 миллион теңгенің жымқырылуына қатысты түсініктеме берді

Қаңтар 26, 2021
заң
Жаңалықтар

Президент жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеуге қатысты заңға қол қойды

Қаңтар 26, 2021
квест
Әлеумет

Көкшетаулық студенттер сыбайлас жемқорлыққа қарсы квест бастады

Қаңтар 26, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Асқар Мамин биыл кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Қаңтар 26, 19:57

«Қазақфильм» 30 миллион теңгенің жымқырылуына қатысты түсініктеме берді

Қаңтар 26, 19:28

Президент жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеуге қатысты заңға қол қойды

Қаңтар 26, 18:53

Көкшетаулық студенттер сыбайлас жемқорлыққа қарсы квест бастады

Қаңтар 26, 18:52

Зейнетке шыққан Досымжан Таңатаров жаңа қызметке тағайындалды

Қаңтар 26, 18:22

Коронавирустан бір аптада 73 адам қайтыс болды

Қаңтар 26, 17:51

Алматы облысында өгей әке ұлдарын зорлаған

Қаңтар 26, 17:31
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

жалақы

Асқар Мамин биыл кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Қаңтар 26, 2021
«Қазақфильм» 30 миллион теңгенің жымқырылуына қатысты түсініктеме берді

«Қазақфильм» 30 миллион теңгенің жымқырылуына қатысты түсініктеме берді

Қаңтар 26, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»