Үй кезегінде тұрған отбасылар аудан әкімінен баспана мәселесін шешіп беруді сұраған еді.
Осыған орай аудан әкімінің бастамасымен биыл №8 Мойынқұм колледжінің бос қалған жатақханасы күрделі жөндеуден өтті. Талай жыл қараусыз, жөндеу көрмеген 4 қабатты жатақханаға аудан бюджетінен 27 млн теңге бөлініп, 1 және 2 қабаттары қайта жаңғыртылып, шатыры ауыстырылып, ішіне орталықтандырылған жылыту жүйелері, ауызсу мен санитарлық торап жүргізілген. 12 пәтерлі жатақханаға көпбалалы, аз қамтылған үй кезегіндегі отбасылар ие болды. Пәтер кілттерін аудан әкімі Мәден Мұсаев тапсырды.