Президент жарлығы: Жаяу жүргендерге миллион беретін болды
Президент жарлығы: Жаяу жүргендерге миллион беретін болды

Өзбекстанда халықтың денсаулығын сақтау үшін «Салауатты өмір салты» атты жаңа платформа құрылады, – деп жазады uza.uz.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтің салауатты өмір салтын ұстануға қатысты жарлығы шықты. Жаяу жүру мен жүгіруді насихаттау үшін қаржылай сый берілмек. «Салауатты өмір салты» платформасында 18 жастан асқан Өзбекстан азаматтарының электронды әмиянына қаржы салып отырады. Сол арқылы халықты салауатты өмір салтын ұстануға ынталандыруды мақсат етіп отыр. Бір тәулікте 10 мың, тіпті одан да көп қадам жаяу жүрген адамға 3 мың сумға дейін төленеді.

Бір айда қалада ең көп жаяу жүргендерге – 300 мың сум, әр өңірде ең үлкен қашықтықты жаяу жүрсе – 500 мың, республика бойынша ең көп жаяу жүрген азаматқа – 1 миллион сум көлемінде сыйлық беру жоспарланған.