Венадағы терактіні жасаған лаңкестік ұйым анықталды
Венадағы терактіні жасаған лаңкестік ұйым анықталды

Ирак және Левант лаңкестік ұйымы 3 қарашада Венада болған террористік шабуылды мойнына алды, – жеп жазады 24.kz.

Ұйым жетекшілері осындай мәлімдеме жасады. «Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, терактіде мерт болған лаңкес Австрия мен Солтүстік Македония азаматы болып шықты. Бұған дейін ол террористік ұйымдардың іс-әрекетіне қатысқаны үшін сотталып, кейін мерзімінен бұрын шартты түрде босатылыпты. Еске сала кетейік, Австрия астанасында болған лаңкестік шабуылдан 4 адам қаза тапты. Елде 3 күндік аза тұту күні жарияланды.