Акция Сыр елінде жалғасын тапты
Акция Сыр елінде жалғасын тапты

Nur Otan партиясының бастама­сы­мен қолға алынған «Менің Туым – Менің Отаным!» акциясына қы­зыл­ор­далықтар да қолдау білдір­ді. Мемлекеттік рәміздерімізді құрметтеуге арналған игі шара қа­ладағы Aray City Mall сауда ор­талығында өтті. Оған Nur Otan партиясы облыстық және қалалық филиал­дары­ның басшылығы, бастауыш партия ұйымдарының мүшелері, жергілікті мәс­лихат депутаттары, жасотандықтар, спортшылар мен қала тұрғындары қа­тысты.

Салтанатты шарада сөз сөйлеген Nur Otan партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ақмарал Әлназарова акцияның негізгі мақсатына тоқталды. Ол сонымен қатар мемлекеттік рәміздердің өткен тарихымызды, мәдени мұрамызды, бо­лашаққа ұмтылысымызды бейнелей­тінін, Отанға деген сүйіспеншілігімізді, мемлекетке құрметімізді арттыратынын тілге тиек етті.

– Мемлекеттік рәміздер бізді ең маңызды сәттерде, ұлттық мерекелерден бастап, спорттық жеңістерге дейін бі­рік­тіреді. Тарихымызда мемлекеттік ны­шан­дар, еңсерілмейтін құндылықтар ре­тін­де ха­лықтарды жігерлендіріп, олар үшін ұлы ер­ліктер жасалған, олар үшін өмір­лерін құрбан еткен мысалдар аз емес. Елдің елдігін танытатын Тудың қадір-қасиетін, ата-бабаларымыз сан ғасыр­лар бойы елімізді, жерімізді қор­ғау ке­зінде танытты, ұғындырды. Бү­гінде Қа­з­ақстанның көк туы астында біз­дің адам­дар ерлік жасап, еңбек, ғы­лыми, мәдени және спорттық жетістік­те­рін көрсетеді. Біз түрлі салада жо­ғары жетістіктерімен еліміздің көк байра­ғын көкте желбіретіп жүрген азаматтарға алғысымызды білдіреміз. Бұл – нағыз қа­­зақстандық патриотизм! Бүгінгі акция­ның негізгі мақсаты – мемлекеттік рә­міз­­дерімізді насихаттау арқылы оларға құр­мет көрсету, азаматтардың туған еліне деген патриоттық сезімін ояту, – деді А.Әлназарова.

Патриоттық акцияға қолдау білдірген халықаралық деңгейдегі спорттық дода­ларда топ жарып, көк байрағымызды көкте желбіреткен спортшылар шара бары­сында сөз алып, бүгінгі таңда азамат­тардың санасында мемлекеттік Туды пай­далануға және орнатуға тыйым салу туралы жа­ғым­­сыз пікір қалыптасқанын, бұл стереотипті жою қажет екені туралы айтты. Мем­лекеттік Туды әрбір азамат төрге тігуге, қадірлеп-қас­терлеуге құқылы екенін жет­кізді. Шарада әннен шашу шашылып, мереке көркі жандана түсті.