Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Спорт

Қайрат – чемпион!

«Айқын» ақпарат
Қараша 4, 2020
Спорт, Жаңалықтар, Қазақстан
Қайрат – чемпион!
32
қаралым

Футболдан Қазақстан чемпионаты­ның аяқталуына 3 тур қалғанда жаңа чемпион анықталды. Премьер-лиганың 17-турында Шымкенттің «Ордабасы» ко­мандасын 3:1 есебімен жеңген алматылық «Қайрат» Қазақстан чем­пионатының «алтын» жүлдесін жеңіп алды. Сөйтіп, Шпилевскийдің шәкірт­тері  «Астананың» 6 жылдық чемпиондық сериясын бұзды. Соңғы рет «Қайрат» 2004 жылы футболдан ел чемпионы атанған еді. Енді, міне олар 16 жылдан кейін қайта біріншілік жеңімпазы атан­ды.

Алматының орталық стадионында өткен кездесудің есебін бразилиялық шабуылшы Вагнер Лав ашты. Бұдан соң «Ордабасы» футболшылары өз айып алаңында Вагнер Лавты шалып жығып, бас қазы ойланбастан 11 метрлік айып добын белгіледі. Нүктеге келген қорғаушы Нұрәлі Әліп пеналтиді сәтті орындап, есепті 2:0-ге жеткізді.

Екінші таймда чемпионаттың үздік шабуылшысы Жоао Пауло көзге түсіп, есеп айырмасын қысқартқан. Алаң иелері бұл голдан соң қарқынын қайта күшейтті. Ойын соңына қарай «Ордабасы» ойыншысы Ұлар Жақсыбаев абайсызда өз қақпасына гол соғып, кездесудің нүктесін қойды. Осылайша, матч 3:1 есебімен «Қайраттың» пайдасына шешілді. Чемпионатта 17 ойында 44 ұпайды қанжығасына байлаған «Қайрат» мерзімінен бұрын Қазақстан чемпионы атанып, алматылық жанкүйерлерге қуаныш сыйлады.

Қос аңызды қос үздік алмастыра ма?

Қанат Ислам қарсыласын нокаутпен жеңіп, WBO титулын қорғап қалды

Жан Кособуцкий қарсыласын нокаутқа түсіріп, WBA чемпионы атанды – видео

Қайрат

Ойыннан кейін Біріккен Араб бірін­шілігінде өнер көрсетіп жүрген «Қайрат» командасының бұрынғы ойыншысы Бауыр­жан Исламхан алматылық ұжым мен клуб жанкүйерлерін көптен күткен чемпион­дығы­мен құттықтады.

– Барша қайраттықтар, көптен күткен чемпиондығымыз құтты болсын! Әрдайым «Қайрат» командасына сәттілік тілеймін, жеңісті күндер көп болсын. Алға, «Қайрат»! «Қайрат» менің жүрегімде! – деп ағынан жарылды Бауыржан.

Белгілі спорт комментаторы Ермұхамед Мәулен де биылғы маусымда «Қайраттың» сөзсіз мықты болғанын айтады.

– «Қайрат» осы жылы ел чемпионы болуға әбден лайық болды. Қаншама жыл бойы ішкі біріншілікте күміс жүлдегер атанды. Чемпион болуға бірнеше жыл оларға сәттілік жетіспеген болатын. Биылғы чемпиондығын үздік ойынының арқасында алды. Негізгі бәсекелесі  «Астана» маусым басында бапкер ауыстырды. Одан кейін елордалық командаға карантин қатты әсер етті. Еуромаусымын да сәтсіз өткізді. Мұның барлығы клубтың ішкі атмосферасына кесірін тигізді. Бапкер таңдау кезінде клуб басшылығы қатты қателесті. Әсіресе, Пол Эшуортты бас бапкерлікке тағайындағаны көпшілікті таңғалдырды. Оның алдында команданы жаттықтырған Михал Билектің де клубтық деңгейде ешқандай жетістікке жетпегенін ескеруіміз керек. Оның үстіне, клуб сапында көптеген маңызды ойыншы жарақат алып, команда ойыны жүрмей қойды. Ал «Қайрат» керісінше, әр матч сайын ойынын жақсартып, жеңісті жолынан жаңылған жоқ. Соның арқасында ешқандай бәсекесіз чемпион атанды. Алматылық ұжым келесі жылы Чемпиондар лигасында жақсы өнер көрсетуге тырысуы керек. Сол арқылы бұл командаға Еуропа лигасының топтық кезеңінде ойнауға тамаша мүмкіндік бар. Сәттілік тілеймін. Сөз соңында клубты чемпиондыққа жетелеуге бар күш-жігері мен қайратын, қомақты қаржысын жұмсаған Қайрат Боранбаевты да тамаша жетістігімен, жарқын жеңісімен құттықтағым келеді, – деді ол.

Осы ретте, айта кетейік, «Қайрат» клубы өз тарихында 3-мәрте (1992, 2004, 2020) ел чемпионатында топ жарып отыр. Бір қызығы, Қайрат Боранбаевтың командасы чемпион атану үшін ел чемпионатында 454 ойын  (2005 жылдан бері 40 860 минут) өткізген. Бұған дейін олар 5 жыл қатарынан күміс жүлдегер (ел чемпионатындағы рекорд) атанған болатын. Әрі бұл клуб чемпионаттағы ең жас командалардың бірі саналады. Онымен қоса, «Қайрат» клубының бас бапкері Алексей Шпилевский Қазақстан чемпионы атанған ең жас жаттықтырушы (32 жас) ретінде тарихта қалды.

Қош, сонымен Қазақстан Премьер лигасында 2020 жылдың чемпионы анық­талды. Енді турнирлік кестедегі 2, 3, 4-орын­дарға талас қыза түседі. Оның үстіне, каран­тинге байланысты биыл Қазақстан кубогы ойнатылмады. Сондықтан турнирлік кестеде төртінші орын алған команда да Еуропа лигасының іріктеу ойындарына қатысады. Бұл өз кезегінде ішкі біріншіліктегі талас пен тартыстың әлі де қыза түсетінін айғақтайды. Жүлделі орындарды еншілеуге өзге клубтарға қарағанда ұпайы көп «Тобыл», «Астана», «Ордабасы» командаларының мүмкіндігі жоғары. Қазіргі кезде «Астана» (15 ойыннан соң) мен «Ордабасының» (17 ойыннан соң) қоржынында бірдей 27 ұпайдан бар, ал «Тобыл» (16 ойыннан соң) 29 ұпаймен 2-орында келеді. «Ертіс» командасы маусым басында жарыс жолынан шығып қалды. Сол себепті Бірінші лигаға бұл жолы бір команда кетеді. Әзірге қауіпті аймақта ақтаулық «Каспий» мен көкшетаулық «Оқжетпес» командалары тұр. Одан бөлек, «Тараз», «Қызылжар», «Шахтер», «Жетісу», «Қайсар» клубтары да төменгі орынға сырғып, жағдайын қиындатып алмас үшін алдағы ойындарда барын салары сөзсіз. Ал төменгі дивизионда үздік деп танылған «Ақтөбе» мен «Атырау» келер жылы Премьер лигада доп тебуге мүмкіндік алды. Командалар алдағы маусымға дайындықтарын пысықтау үстінде. Ал дәл қазір Алматыда ұзақ жылғы чемпиондықты тойлау басталып кетті. Астана гегемониясына нүкте қойған «Қайрат» коман­дасының 16 жылдан кейінгі жеңісі қазақ фут­болы жанкүйерлерінің есінде мәңгі сақталары анық.

АбылайханАбылайхан ЖҰМАШ

 
Тегтер: ҚайратПремьер-лигафудболчемпион
Алдыңғы жаңалық

Алдағы 2-3 тәулікте күн жылынады

Келесі жаңалық

АҚШ-тағы сайлау: Байденнің бәсі басым түсті ме?

Ұқсас жаңалықтар

волейбол
Жаңалықтар

Әлемдегі ең сұлу волейболшы қыз кім?

Ақпан 26, 2021
жедел жәрдем
Жаңалықтар

Аяғы ауыр әйел мінген жедел жәрдем көлігі боранда қалып қойды

Ақпан 25, 2021
Ұзыншұлық Пиппи
Мәдениет

«Ұзыншұлық Пиппи» тұңғыш рет қазақ тіліне аударылды

Ақпан 25, 2021
зауыт
Жаңалықтар

Айдабол зауыты жабылмайтын болды

Ақпан 25, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлемдегі ең сұлу волейболшы қыз кім?

Ақпан 26, 00:07

Аяғы ауыр әйел мінген жедел жәрдем көлігі боранда қалып қойды

Ақпан 25, 23:42

«Ұзыншұлық Пиппи» тұңғыш рет қазақ тіліне аударылды

Ақпан 25, 23:21

Айдабол зауыты жабылмайтын болды

Ақпан 25, 23:18

Дәрігер-диетолог сағыз шайнау мен оны жұтып қоюдың қауіпін айтты

Ақпан 25, 23:01

Жемқорлық заңға құрмет көрсетпеуден басталады

Ақпан 25, 22:32

Солтүстік Қазақстан облысында карантин жеңілдетілді

Ақпан 25, 22:20
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

волейбол

Әлемдегі ең сұлу волейболшы қыз кім?

Ақпан 26, 2021
жедел жәрдем

Аяғы ауыр әйел мінген жедел жәрдем көлігі боранда қалып қойды

Ақпан 25, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»