Ерекше домбыра ойлап тапқан қазақ
Ерекше домбыра ойлап тапқан қазақ
157
оқылды

Екі бетті, екі тиекті, төрт ішекті, төрт құлақты ерекше дом­быраның авторы  – Қытайдағы қазақ. Есімі – Ерсін Батырханұлы. Ол Мори қазақ автономиялы ауданында тұрады. Шебердің айтуынша, бұл – электронды домбыра.

Ол домбыра жасауға бала кезі­нен қызыққан екен.
«Әкем домбырашы, күйші адам еді. Сол кісіден үйреніп, дом­быра шертуді кішкентайымнан баста­дым. Сөйтіп, басында домбыра шер­туге құмартсам, кейіннен осы қа­сиетті аспапты жасауды кәсіп ете баста­дым», – деді ол. Содан ол 1997 жылы электронды домбыра жасаудан патент алған. – Өзім жасаған электронды домбыраны Қазақстанға да апарып, танымал күйші, өнерпаздарға көр­­сеткенмін. Ал екі бетті дом­бы­­­раны ойлағалы 3-4 жыл бол­ған. Соны былтыр жасап шық­тым. Енді бұл дом­быраны кө­­бі­рек  жасауға ауданымыздың әкімі көмектесетінін айт­ты, – дейді Ерсін.
Шебердің айтуынша, дәл қазіргі уақытта бұл екі бетті домбыраның 2-3 данасы жасалған екен.