Екі бетті, екі тиекті, төрт ішекті, төрт құлақты ерекше домбыраның авторы – Қытайдағы қазақ. Есімі – Ерсін Батырханұлы. Ол Мори қазақ автономиялы ауданында тұрады. Шебердің айтуынша, бұл – электронды домбыра.
Ол домбыра жасауға бала кезінен қызыққан екен.«Әкем домбырашы, күйші адам еді. Сол кісіден үйреніп, домбыра шертуді кішкентайымнан бастадым. Сөйтіп, басында домбыра шертуге құмартсам, кейіннен осы қасиетті аспапты жасауды кәсіп ете бастадым», – деді ол. Содан ол 1997 жылы электронды домбыра жасаудан патент алған. – Өзім жасаған электронды домбыраны Қазақстанға да апарып, танымал күйші, өнерпаздарға көрсеткенмін. Ал екі бетті домбыраны ойлағалы 3-4 жыл болған. Соны былтыр жасап шықтым. Енді бұл домбыраны көбірек жасауға ауданымыздың әкімі көмектесетінін айтты, – дейді Ерсін.Шебердің айтуынша, дәл қазіргі уақытта бұл екі бетті домбыраның 2-3 данасы жасалған екен.