Коронавирус кімге қауіптірек?
Коронавирус кімге қауіптірек?
86
оқылды
Коронавирус көбіне ер адамдарда ауыр зардаптар тудырады екен. Бұл жайында The Wall Street Journal газеті­нің авторлары әртүрлі статистикалық мә­ліметті талдап, осындай қорытын­дыға келді. Сонымен, АҚШ-тағы COVID-19 өлім-жітімі туралы мәліметтерді зерделегенде  барлық өлімнің 54 пайызын ер адамдар құрайтыны белгілі болды. Бұл ретте, 30 жастан 60 жасқа дейінгі топта көрсеткіш 66 пайызға дейін артады. Еуропалық аурудың алдын алу және бақылау орталығы коронавирустың ер адамдар үшін қауіпті екенімен келіседі. 40 пен 69 жас аралығында қайтыс болғандардың 73 пайызы – ер адамдар. Сонымен қатар олар осы топтағы ауруханаға түскендердің 62 пайызын және ауыр науқастардың төрттен үшін құрайды. 183 елдің статистикасын қамтитын Лондон университеті колледжінің «жыныс, гендер және COVID-19» мәліметтер базасында көрсетілгендей, ерлер арасында коронавирус инфекциясының 11 жағдайы әйелдер арасындағы 10 жағдайға тең. COVID-19-дан болған өлім бойынша бұл қатынас 14-тен 10-ға дейін жетеді.

Анар ҚОНЫС