Жүк көлігінен секірген жүргізуші қайтыс болды
Жүк көлігінен секірген жүргізуші қайтыс болды

Алматы қалалық Полиция департаментінің хабарлауынша, ауыр жарақат алған көлік жүргізушісін дәрігерлер аман алып қала алмады.

Еске сала кетейік, кеше Алматыда жол апаты болды. Дулати көшесімен келе жатқан жүк көлігі жылдамдығын төмендетпестен, жолындағы трансформатор, аялдама, бірнеше көлікті жапырып, тұрғын үйдің қоршауына соғылып, тоқтады.