«Жас сарбаздың» қатары толықты

«Жас сарбаздың» қатары толықты

ҚК Ұлттық әскери-патриоттық орталықта «Жас сар­баз» балалар студиясының шәкірттерін «Жас сар­баз» жас­өспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы» Респуб­ли­калық қоғамдық бірлестігінің қатарына ресми түрде қабылдау рәсімі өтті.

Іс-шара аясында «Жас сарбаз» балалар студиясының 130 тәрбие­лену­шісі салтанатты түрде ант қабылдады. Олар көпшілік алдында Қазақстан Республикасының Ата заңы мен басқа да заңдарын қатаң сақтауға, патриоттық рухты биік қойып, Отанды қорғауға, оның мүдде­лерінің ержүрек әрі батыл қорғаушысы болуға уәде берді.

Шәкірттерге Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары, генерал-майор Мұхамеджан Қадыржанұлы Таласов «Жас Сарбаз» ұйымының тәрбиеленушісі екенін растайтын куәлікті табыс етті.

«Сіздерді бүгінгі «Жас сарбаз» қатарына қосылуымен құттықтай­мын! Сіздерге денсаулық және оқуда табыс тілеймін! Біздің Отаны­мыз – Қазақстан Республикасының лайықты азаматтары және патриоттары болыңыздар! Елбасы айтқандай «Өз Отаныңды ыстық сүйіп, қадір-қасиетін ешқашан түсірме, Қазақстанды өз жүрегінде мақтанышпен алып жүріңдер!» деп Мұхамеджан Қадыржанұлы шәкірттерді құттықтады.

Бүгінгі күні елімізде 6 198 әскери-патриоттық бағыттағы осындай сынып пен клуб жұмыс істеуде. Оған 179 224 тәрбиеленуші мүше.

Ант қабылдау рәсімі жастарды әскери-патриоттық тәрбие беруде жан-жақты дамытуға, жобаларды іске асыруға, әскери-патриоттық іс-шараларға қатысуға бағытталған ынтымақтастықты орнатуға ар­на­ла­ды.

Іс-шараның мақсаты – өскелең ұрпаққа әскери-патриоттық тәрбие беріп, Отанға деген сүйіспеншілік сезімін ояту.

Шараны «Жас сарбаз» балалар студиясының тәрбиеленушілері дайындаған концерттік бағдарлама қыздыра түсті.

 

Гүл БЕКЗАТ