Қазақстанда екінші рет коронавирус жұқтырған алғашқы адам тіркелді

Қазақстанда екінші рет коронавирус жұқтырған алғашқы адам тіркелді

БҚО Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнар Абдрахманова өңірде коронавирус инфекциясын екінші рет жұқтырған тұрғын анықталғанын хабарлады. Бұл туралы mgorod.kz хабарлады.

«Ол алғаш рет пандемия басталғанда COVID-19 жұқтырған, екінші рет жаз айларының соңында жұқтырған. Әзірге бұл бір адамның коронавирусты екі рет жұқтыруы бойынша тұңғыш жағдай», - деп жауап берген Гүлнар Абдрахманова.
Белгілі болғандай, өңірде 4 жүкті әйелден коронавирус анықталған. Олардың екеуі стационарда, екеуі үй жағдайында ем алып жатыр. Еске сала кетейік, 11 қыркүйекте Денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы ресми өкілі Бағдат Қожахметов Қазақстанда екінші рет коронавирус жұқтырған бірде-бір адам тіркелмегенін мәлімдеді.