Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Жаңалықтар

Мектеп құрылысы дер кезінде  бітпегендіктен  балалар балабақшада  оқып жатыр

Бүгінде білім беру  саласында бауын тапса, байлауын таппаған мәселелер аз емес.

"Айқын" ақпарат
Қараша 4, 2020
Жаңалықтар
мектеп

Фото: интернеттен алынды

51
қаралым

Бүгінде білім беру  саласында бауын тапса, байлауын таппаған мәселелер аз емес. Әсіресе құрылыс саласына келгенде басы тәп-тәуір басталған тірліктің соңы сылдыр суға, ал нысанды  мерзімінде өткіземіз деген мердігерлер «қуға»  айналып жатады. Бұл жағдай Жамбыл облысының білім саласының да бас ауруына айналып отыр.

 Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының басшысы Гүлнәр Ходжабергенованың айтуынша,  биылғы жылдың  соңына дейін 7 білім нысаны пайдалануға берілуі керек  екен. Алайда олардың денінің құрылысы жоспарлы мерзімінде аяқталмауда. Ал Қордай ауданындағы  Күнбатыс  және Қалғұтты ауылдарындағы мектептердің құрылысы тіпті биыл  аяқталмауы мүмкін болып тұр.

Аталған құрылыс нысандарының мердігерлері «Тараз Құрылыс Инвест», «Строители Века», «Тараз Ирригация», «Шұғыла-2002», «Теберда СтройСервис», «Темир-Строй Сервис и Ко» және  «Талас құрылыс» ЖШС-лары  басшыларының құрғақ уәдемен бәрін қатырамыз деп  жүргендеріне де  біраз уақыт болған.

Бүгін астанада бастауыш сынып оқушылары мектепке бармайды

Дыбыссыз режим: сабақ смартфонсыз өте ме?

Шымкентте мектеп директоры 8 жылға сотталды

Сол себепті аймақ басшысы  Бердібек Сапарбаев әкімдікте өткен жиында аталған жосықсыз мердігерлердің басынан сипамады.

–Сегіз айдан бері бір мәселені он бірінші мәрте қарап отырмыз. Жиырма бір хаттама толтырылды. Облыс әкімінің басқа жұмысы жоқ деп ойлайсыздар ма? Соңғы кеңес қазан айының оны күні болды. Сонда бірінші қарашаға дейін барлық мектептердегі күрделі жөндеу жұмыстарын аяқтау керек дегенбіз. Бірақ тапсырмалар толықтай орындалған жоқ. Сенбі күні Тараз қаласын аралап, төрт мектептің де құрылысы баяу жүріп жатқанын көрдім.

Сіздерді ешкім  қинаған жоқ. Өз еріктеріңізбен жұмысқа кірістіңіздер. Келісімшартқа отырдыңыздар. Келісімшартта құрылыстың басталуы, аяқталу мерзімі тайға  таңба басқандай  көрсетілген. Құрылыс нысандарында бірнеше мәрте болдым. Бәріңіз уәде бердіңіздер. Алайда уәде орындалмады.

Меркі, Т.Рысқұлов аудандарында оқушылар балабақшада, мәдениет үйінде білім алып жатыр. Қай ғасырда өмір сүріп жатырмыз. Миллиардтаған ақша бөлгендегі мақсатымыз осы ма еді?

Жыл аяқталғанда құрылыс, жол саласын арнайы қорытындылаймыз. Мердігерлердің өз міндетін қалай орындағаны сараланады. «Шұғыла-2002» серіктестігі осы күнге дейін қанша мәрте уәде берді. Серіктестік кешіккен әрбір күніне келісімшарт бойынша айыппұл төлесін. Естеріңізге сақтаңыздар, мемлекет алдындағы міндетіне салғырт қарағандарға кешірім болмайды. Жамбыл облысы емес, Қазақстанда жұмыс істеу мүмкіндігінен айырыласыздар,–деді Бердібек Сапарбаев.

Жалпы бұл облыс әкімінің айтқан сөзінің жұмсартып берілген нұсқасы. Алайда жиында ашуына мінген Бердібек Машбекұлы мердігерлердің артында кім тұрса да, жазасыз қалмайтынын жетер құлаққа жеткізіп тұрып айтты. Енді осыдан нәтиже шықса болғаны…

Саятхан Сатылған,

Жамбыл облысы

 
Тегтер: балабақшаЖамбыл облысықұрылысмектеп
Алдыңғы жаңалық

Қазақстанда екінші рет коронавирус жұқтырған алғашқы адам тіркелді

Келесі жаңалық

Қатаң карантин қайта жарияланды

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанға өткен тәулікте 215 жолаушы ПТР анықтамасыз ұшып келді
Жаңалықтар

Шетелден келген 10 жолаушыдан коронавирус анықталды

Қаңтар 22, 2021
Аида Балаева «Қоғамдық бақылау туралы» заң жобасын талқылауда әр адамның пікірі маңызды екенін айтты
Жаңалықтар

Аида Балаева «Қоғамдық бақылау туралы» заң жобасын талқылауда әр адамның пікірі маңызды екенін айтты

Қаңтар 22, 2021
АҚШ, Әсел Робертс, Джо Байден
Жаңалықтар

Қазақ қызы АҚШ-та лауазымды қызметке тағайындалды

Қаңтар 22, 2021
шипажай
Әлеумет

Таңдау еркі сізде: шипажай ма, әлде Түркияға сапар ма?

Қаңтар 22, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Шетелден келген 10 жолаушыдан коронавирус анықталды

Қаңтар 22, 14:33

Аида Балаева «Қоғамдық бақылау туралы» заң жобасын талқылауда әр адамның пікірі маңызды екенін айтты

Қаңтар 22, 14:17

Қазақ қызы АҚШ-та лауазымды қызметке тағайындалды

Қаңтар 22, 14:00

Таңдау еркі сізде: шипажай ма, әлде Түркияға сапар ма?

Қаңтар 22, 14:00

Nur Otan партиясы Қоғамдық саясат институтының директоры тағайындалды

Қаңтар 22, 13:48

Ақтөбеде қарияларды көсеумен ұрып, тонап кеткен күдікті ұсталды

Қаңтар 22, 13:40

Үш жасар туған қызын өлімші етіп сабаған әйелді жауапқа тартты

Қаңтар 22, 13:16
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

Қазақстанға өткен тәулікте 215 жолаушы ПТР анықтамасыз ұшып келді

Шетелден келген 10 жолаушыдан коронавирус анықталды

Қаңтар 22, 2021
Аида Балаева «Қоғамдық бақылау туралы» заң жобасын талқылауда әр адамның пікірі маңызды екенін айтты

Аида Балаева «Қоғамдық бақылау туралы» заң жобасын талқылауда әр адамның пікірі маңызды екенін айтты

Қаңтар 22, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»