Әкімнің айтуынша, Алматы облысында 9 айда 712,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.
Жалпы, жылдық жоспар – 938,8 мың шаршы метр.«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша, тұрғын үйлер мен инженерлік инфрақұрылымдардың құрылысына 38,3 млрд теңге бөлінді. Облыста барлығы 2843 пәтерлік 566 тұрғын үй салынуда. Оның 1020-сы көпбалалы отбасыларына беріледі. 1533 отбасы «7-20-25», «Бақытты отбасы», «Шаңырақ 5-10-20» бағдарламалары бойынша пәтер алады.«Алматы облысының орталығы – Талдықорған қаласында 670 үй орналасатын коттедж қалашығының құрылысы жүріп жатыр. Биыл оның 345-ін пайдалануға береміз. Сондай-ақ мектеп, балабақша, балалар ойнатын алаңдар да саланыды», – деді облыс басшысы Амандық Баталов.