Елімізде коронавирусты жұқтырғандар саны 2,6 есеге өсті

Елімізде коронавирусты жұқтырғандар саны 2,6 есеге өсті

Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният коронавирус жұқтыру көрсеткіші бойынша еліміздегі эпидемиялық жағдайды айтып берді. 

«Әлемдегі эпидемиологиялық жағдайды ескеріп, елімізде коронавирустың алдын алу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айта кетейін. Әлемде коронавирус жылдам таралы жатыр. Қазіргі кезде әлемнің 216 елінде 48 млн адам коронавирусқа шалдыққан, сырқаттанушылықтың өсуі – 1 пайыз. 1 млн 200-дей адам қайтыс болды, өлім көрсеткіші – 2,6 пайыз», - деді вице-министр Орталық коммуникациялар қызметінде.

Оның айтуынша, Еуропа мен Азияның кейбір елдерінде коронавирус өршіп барады. Соңғы айда Германияда коронавирусқа шалдыққандар көбейген. Соңғы 2 аптада еліміздің өңірлерінде коронавирусты жұқтырғандар саны айтарлықтай артты.

«Барлық өңірде коронавирусқа шалдыққандар көбейген. Өткен аптамен салыстырғанда көрсеткіш 2,6 есеге өсті. 14 өңірдің – Солтүстік Қазақстан облысының, Батыс Қазақстан облысының, Ақмола, Маңғыстау, Алматы, Атырау, Павлодар, Қостанай, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының әкімдері, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдері шектеу шараларын күшейтті", -деді вице-министр.