Бейнеуде «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» бағдарламасы бойынша жұмыс қарқынды жүріп жатыр.
Бағдарламасы бойынша ұзындығы 20,2 шақырым ауылішілік 21 көшенің автомобиль жолдарына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ Тоқабай Құрмаш көшесіндегі автомобиль жол құрылысы толықтай аяқталды. Аталған бағдарлама бойынша ауыл ішіндегі 7 көп қабатты тұрғын үйлердің қас бетін жөндеу және 32 көп қабатты тұрғын үйлердің шатырларын ауыстыру, жаңарту жұмыстары жүргізілді. «Тәуелсіздік» алаңында ағымдағы жөндеу жұмыстары жалғасуда. Nur Otan партиясы Бейнеу аудандық филиалының партиялық бақылау комиссиясы жүйелі түрде ауданда атқарылып жатырған жұмыстарға мониторинг жүргізіп отырады.