Президент Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асановты қабылдады
Президент Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асановты қабылдады
Мемлекет басшысы Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асановты қабылдады, - деп хабарлады Ақорданың ресми сайты. Қазақстан Президентіне сот жүйесіне әкімшілік әділет механизмін енгізу барысы жайында мәлімет берілді. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаевқа жаңа судьяларды іріктеу жүйесін жақсартуға, сот практикасының бірізділігін қамтамасыз етуге және сот ісін жүргізу сапасын арттыруға бағытталған ұсыныстар жөнінде айтылды. Жақып Асанов биылғы жылдың 30 қазан күні онлайн форматта өткен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттердің жоғарғы сот төрағаларының 15-ші кеңесінің қорытындылары туралы мәлімет берді. Президент қылмыстық процесте айыптаушы мен қорғаушы тараптар арасында нақты жарыссөзді қамтамасыз ету мәселесіне назар аударды. Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтардың, кәсіпкерлер мен инвесторлардың сотқа деген сенімін арттыру сот төрелігі жүйесінің басты басымдығы екенін ерекше атап өтті.