Вице-министр Біртановтың ұсталуына қатысты пікір білдірді
Вице-министр Біртановтың ұсталуына қатысты пікір білдірді

Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният  бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың ұсталуына қатысты ойын айтты.

"Өкінішке орай, министрлік үшін бұл ауыр жағдай. Құзіретті органдар тергеу жүргізіп жатыр. Тергеушілер біздің қызметкерлерімізді де тергеуге шақырып, құжаттарды тексеріп жатыр", - деді Ажар Ғиният брифингте.

Еске салайық, бұған дейін Қаржы мониторингі комитетінің Экономикалық тергеу қызметі Денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы басшысы Елжан Біртановты қамауға алғанын жазған болатынбыз.