Тұңғыш рет топырақты зерттеу лабораториясы ашылды
Тұңғыш рет топырақты зерттеу лабораториясы ашылды

Елімізде Еуропалық талапқа сай жабдықталған топырақ зерттеу лабораториясы ашылды.

Қазір ауыл шаруашылығына қажет болып тұрған бұл зертхана С.Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университетінің жанынан ашылды. Мұнда топырақтың негізгі элементтерін талдауға арналған заманауи жабдық бар. Оны ҚазАТУ-дың серіктесі, Германияның Ганновер университеті грант есебінен берген.

     

–Мұндай еуропалық талаптарға сай жасақталған зертхана елімізде тұнғыш рет ашылып отыр. Келешекте олардың санын көбейте беруіміз керек. Себебі зертхана ауылшаруашылығы тауарын өндірушілер үшін маңызы зор болып отыр. Сондай-ақ, оның университет қабырғасында  іске қосылуы студентер, магистранттар, докторантар үшін өте үлкен жетістік, – дейді ҚазАТУ ректоры Ақылбек Күрішбаев.  

     Ғалымдардың айтуынша топырақ анализі 10 элемент бойынша жүргізіледі: азот, фосфор, калий, күкірт, гумус және т.б. Талдау құны еуропалық, америкалық және отандық зертханаларға қарағанда төмен. Қазір мұндай зертхана еліміздің ауыл шаруашылығы саласы үшін аса қажетті болып отыр. Себебі әр кәсіпкер осыған дейін өзінің егіс алқабындағы топырақ құрамын зерттеуге мүмкіндігі болмаған. Салдарынан топырақтың жағдайы төмендеп, шығын көлемі күрт кеміген. Ашылып отырған зертхана мұндай келеңсіздіктің алдын алуға өз септігін тигізеді.