Шымкентте өзін алып қашушыларға көнбеген қыз терезеден секірді.
Жараланған қыздың жамбас, омыртқа сүйектері сынып, оған қоса, ол басқа да ішкі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді, -деп хабарлады куәгерлер.otyrar.kz басылымының ақпаратынша, қазір қыздың жағдайы қалыпты. Дәрігерлер қолдан келген көмегін жасауда, қыз енді мүгедек болып қала ма – оны дәрігерлер әзірге айта алмай отыр. Полицейлер тергеуге кірісті.
Енді қызды алып қашқан "күйеу балаға" бірнеше бап бойынша айып тағылуы мүмкін: өзіне өзі қол салуға дейін жеткізу, адамды бостандығынан заңсыз айыру, тіпті зорлау бабы да пайда болуы мүмкін.