Бортында жарылыс болған танкердің видеосы шықты
Бортында жарылыс болған танкердің видеосы шықты
80
оқылды

Ғаламторда Находка портындағы «Америка шығанағы» танкерінің видеосы пайда болды. Ондағы газ жарылысынан екі адам қаза тапқан болатын. Видеоны жергілікті VL.ru басылымы жариялады.

Кадрларда танкердің жоғарғы палубасынан ақ түтін шығып жатқаны анық көрінеді. Сонымен қатар, кеменің зақымданған жерін де көруге болады.

Тергеушілердің айтуынша, газ танкерде пайда болған, өрт болған жоқ. Алдын ала мәліметтер бойынша, екі адам қаза тапқан, үшіншісі іздестіріліп. Тергеушілер оқиға болған жерді қарап, куәгерлерден жауап алып жатыр.

Тергеу комитеті екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан оқиғаға байланысты қауіпсіздік ережелерін бұзу туралы қылмыстық іс қозғады.

https://youtu.be/ReXeSQKdklc