Телеарнаның хабарлауынша, куәгерлер 22 жастағы қыз бала түрлі дене жарақатын алғанын айтады. Бірақ бұған қатысты дәрігерлер ешқандай ақпарат бермеді.
Ал Шымкент қалалық Полиция департаментінің ресми мәлімдемесінде: «Хабарлама бойынша жедел-тергеу тобы ауруханаға жеткенде, азаматша Республика даңғылы 45 үйде тұратын туысқандарына қонақта болып, өз абайсыздығынан терезеден құлап кеткенін, сондай-ақ бұл жайт бойынша ешкімге қояр арыз-шағымы жоқ екенін көрсеткен» делінген.