Флорида университеті ғалымдарының зерттеуінше, соңғы бір жылда тұмауға қарсы вакцина алған адамдарда коронавирус ауруы жеңіл өтеді екен.
Олардың ғылыми-зерттеуін American Board of Family Medicine журналы жариялады, – деп жазады 24.kz. Зерттеуге 18 жастан асқан 2 мыңнан астам адам қатысқан. Америкалық ғалымдар келтірген статистикалық мәліметтерге сәйкес, вакцина екпеген науқастар ауруханаға 2,5 есе жиі жатқызылған және жансақтау бөліміне 3 есе көп түсіпті.