Қуат Хамитовтың келесі жекпе-жегінің қашан өтетіні және қарсыласы белгілі болды
Қуат Хамитовтың келесі жекпе-жегінің қашан өтетіні және қарсыласы белгілі болды
153
оқылды

Сәуір айында "Найман" әзірбайжан спортшысынан жеңілген

Аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов өзінің келесі жекпе-жегін 14 желтоқсанда Сочиде өткізбек. 

Бұл туралы спортшы өзінің Инстаграм парақшасында хабарлаған. Қазақстандықтың қарсыласы – Руслан Тедеев. Ол 12 кездесудің екеуінде жеңілген. Жекпе-жек Gorilla Fighting Championship турнирі аясында өтпек. 

Еске салсақ, Хамитов өзінің соңғы кездесуін 26 сәуір күні Ресейде өткізіп, әзірбайжандық Нариман Аббасовтан жеңіліп қалған еді. Осылайша, ол Fight Nights Global вакантты титулын иелену мүмкіндігінен айырылып қалған.