Көкшетаудың кіреберісіне блокпосттар қойылады
Көкшетаудың кіреберісіне блокпосттар қойылады

Ақмола облыстық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің хабарлауынша, тұрғындардың қауіпсіздігі үшін санитар дәрігер осындай шешім шығарды.

«Ақмола облысының бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, Көкшетау қаласының карантин аумағы периметріне уақытша санитарлық пост қою туралы шешім шығарылған. Егер коронавирусқа шалдыққандар саны артса, онда биыл қарашаның 3-інде шыққан №136 қаулыға өзгеріс енгізіледі. Мемлекеттік ведомоствоаралық комиссияның нұсқауына сәйкес облыс орталығы периметрі бойынша блокпосттар қойылады» делінген ресми ақпаратта.

Биыл 3 қарашада Ақмола облысының бас санитар дәрігері аймақта карантин талабын күшейту туралы қаулы қабылдады.